Елімізде вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде вакцина салдырған 16 адам коронавирус жұқтырды

15.04.2021

Індетке қарсы вакцина салдырған 16 қазақстандық коронавирус жұқтырған. Бұл туралы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Министрліктің мәліметіне сәйкес, науқастар екпенің екі компонентін де салдырған. Вакцинадан кейін коронавирус жұқтырудың ең ұзақ мерзімі екінші компонентін салдырғаннан кейін 4-ші аптада тіркелген. Ведомства мамандары екпеге қарсы иммунитет тек екінші дозаны алған соң алтыншы аптадан бастап қалыптасатын айтады.

Естеріңізге салайық, бұған дейін алматылық дәрігер де вакцинадан кейін вирус жұқтырған еді. Жалпы, білікті мамандар вакцинация күні де, вакцинадан кейін де вирус жұқтырып алуыңыз мүмкін деп отыр. Себебі, вакцинаның құрамында антидене жоқ. Ол екпеден кейін ағзада вакцинаға жауап ретінде пайда болады. Ол үшін уақыт қажет.

Раушан Сайлауқызы


вакцина

Хабарламаларға жазылу