Індетті ауыздықтаудың ең тиімді жолы -вакцина салдыру. Бұл виирусқа қарсы екпе алған Алматы қалалық мәслихатының депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірі. Олар вакцинация алдында дәрігерден кеңес алып, тексеруден өтті. Екпеден кейін арнайы бөлмеде жарты сағат дәрігерлердің бақылауында болды. Депутаттардың айтуынша коронавирусқа қарсы екпе алу арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасып, өзімізді және жақындарымызды қорғай аламыз. Қала тұрғындары сауда ойын-сауық орталықтарында және басқа да ірі қоғамдық орындарда вакцинаны ерікті түрде салдыра алады. Ондай орындардың тізімі қала әкімдігінің ресми әлеуметтік желісінде және сайтында жарияланған.
Ермахан Ыбрайымов, қалалық мәслихатының депутаты:Алматылықтарды вакцина салдыруға шақырамын. Мына індет екінші толқынмен Қазақстанға тарап жатыр. Сондықтан осы толқынды бұрынғыдай қауіп-қатерлі болмас үшін вакцинациядан өтіп, барлықтарыңызды өз-өздеріңізді қорғауға шақырамын.