ҚМДБ қазақстандықтарды вакцина салдыруға үндеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ қазақстандықтарды вакцина салдыруға үндеді

30.07.2021

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасады. Мүфтияттың мәлімдеуінше, Ислам дінінде адамның өмірі мен денсаулығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан әрбір жан денсаулығына аса мән беруі қажет. Осы ретте медицина мамандары әлемге қауіп төндірген індеттің алдын алу үшін вакциналау тиімді әдіс екенін айтуда. Ал шариғат бойынша зәру жағдайда екпе салуға болады. Сондықтан діни басқарма халықты барынша сақтанып, өмірімізді сақтап қалу үшін екпе салдыруға үндеп отыр. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу