Газ баллондарын сатып алу үшін құжат талап етілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Газ баллондарын сатып алу үшін құжат талап етілуі керек

08.04.2021

Енді газ баллондары құжатсыз сатылмауы керек. Яғни, тұтынушы мен техникалық қызмет көрсетуші мекемені келісім шартқа отырғызуы міндет. Себебі, қайғылы жағдай көбіне сондай талаптардың сақталмауынан болады. Ал, егер рұқсат қағазын көрсетпесе, компания газ баллонын сатудан бас тарта алады. Сенатор Ерік Сұлтанов вице-премьер Роман Склярға газды пайдалану бойынша заңнамаға түзетулер енгізу керек,-деп сауал жолдады.

Ерік Сұлтанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
 Бұл норма газбен жабдықтаушы және толтыру пункттері иелерінің тұрмыстық баллондардың техникалық жарамдылығын тексеруге, жоспарлы қызмет көрсетуді жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ тұтынушылардың жауапкершілігін арттырады.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу