Қостанайда кәріз суына мұнай өнімі араласып кеткен. Әлеуметтік желіде осындай ақпарат тарап жатыр. Көшедегі құдықтан сынама алып жатқан экологтардың бейнежазбасында жерге төгілген кәріз суына от тигізгенде оның тұтанғанын көруге болады. Сонымен қатар Тобыл өзенінен де сынама алынды. Сараптама қорытындысы ертең жарияланады. Экологтар содан соң ғана кәріз суына қандай сұйық қосылып, қаншалықты ластанғанын айта аламыз деп отыр.
Зияда Бисақалова, облыстық экология департаментінің бөлім басшысы:
Мұның сыртында біз мұнай өнімінің қайдан ағып келгенін де анықтап жатырмыз. Сынама алынған құдыққа жақын жерде мұнай өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпорын бар. Біздің мамандар олардың өнім сақтайтын орындарын, құбырларын, ұңғыламаларын тексеретін болады.
Дәуренбек Әбдібек