Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы сел жүру қаупі бар аумаққа барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы сел жүру қаупі бар аумаққа барды

14.08.2019
Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы сел жүру қаупі бар аумаққа барды

Бүгін Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзені бойында аз мөлшерде сел жүрді. Төтеншеліктер сел қаупі төнгендіктен дабыл қақты. Осыған орай Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданындағы сел орнына барды, деп хабарлайды әкімдіктің қоғаммен байланыс қызметі. 

Айта кетейік, қалалық ТЖД Әуезов және Алатау аудандарында Қарғалы өзенінің төменгі жағында тұратын тұрғындарға ескерту жасап үлгерді. Қауіпке байланысты Наурызбай ауданында эвакуациялау пункттері белгіленді.

Эвакуациялау пункттері: 
1. Ескі әкімдік (Жандосов-Рысқұлов); 
2. Шахмерденов атындағы №175 мектеп: 
3. №158 мектеп (Жандосов – Ясауи қиылысы);

Қалалық ТЖД-ның мәлімдеуінше, жағдай бақылауда тұр.

«Қазіргі таңда Қарғалы өзеніндегі судың шұғыл азаюы байқалмайды. Өзен деңгейі секундына 20 текше метр су жіберуге дейін тұрақталды. Қазір 3,6 текше метр су жіберіп жатыр. Жағдай тұрақты, бақылауда. Алаңдауға еш негіз жоқ», - деді ТЖД өкілдері.

Хабарламаларға жазылу