Кәсіпкерлерден салықтық және кедендік қарызды мәжбүрлеп өндіру шаралары уақытша тоқтатылады. Бүгін премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында осындай шешім қабылданды. Сондай-ақ бизнеске жүктемені азайту, қаржыландыру бойынша 24 шарадан тұратын жаңа топтама бекітілді. Ол салықтық және несие төлемдерін кейінге шегеру секілді жеңілдіктер. Әрі экономиканың зардап шеккен секторларын субсидиялау кезеңі 1 шілдеге дейін ұзартылмақ.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кәсіпкерлерді қолдау шаралары қаралды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/139253/)