Отандық кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық кәсіпкерлерді қолдау аясы кеңеймек

13.12.2017

«Даму» Қоры мен Азия Даму Банкі мемлекеттік кепілдікпен 72 млрд. теңге көлемінде қарыз алу туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы бүгін «Даму» қоры Басқарма төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров пен Азия Даму Банкінің Қазақстандағы өкілдігі директоры Джованни Капанелли мәлімдеді. Баспасөз-конференциясы барысында екіжақты келісімшарт толық талқыланды. Жоба аясында өңірлердегі микро, орта және шағын кәсіпті несиелеу шаралары жүргізілмек.

Айта кетейік, 2011 жылы «Даму» қоры Азия Даму Банкінен 500 миллион доллар көлемінде қаржы алған еді. Қор оны 4 жыл ішінде қайтарды. Нәтижесінде 2 мың жобаға қолдау көрсетілді, 5 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды.

Дәулет Әбілқайыров, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Осы келісімшарт арқасында қаржыландырылатын жобалардан күтеріміз көп. Мәселен, 2300 жаңа жұмыс орны ашылады деп болжап отырмыз. Сондай-ақ, бизнесін дамыту үшін 3 мыңға жуық адам несие ала алады. Нәтижесінде 450 миллиард теңгеге өнім өндірілмек.

 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу