Кәсіпкерлерді қолдау құжаты қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерді қолдау құжаты қабылданды

18.02.2014
Кәсіпкерлерді қолдау құжаты қабылданды
 
Бүгін Астанада Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Төтенше жағдайлар министрлігі кәсіпкерлер құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соған сәйкес, кәсіпкерлікті дамытуға тосқауыл болып отырған кедергілер азайтылып, кәсіпкерлерге жағдай жасалмақ.
 
Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы өз сөзінде Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді қорғау мәселесіне баса назар аударып отырғандығын атап өтті. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қатысты Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан болатын заңсыз тексерулер фактілеріне жол бермеу шараларын қабылдау туралы келісім жасалды.
 
Абылай Мырзахметов, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы:
Кәсіпкерлер екі сала туралы айтып отыр. Бірі - қағаз алу қиын. Рұқсат қағазы. Өткен жұмада Елбасы газетке шыққан кәсіпкердің мұңы туралы айтып берді. Екіншісі - тексеріс саласы. Осы екі сала -қиыншылық көрсететін сала. 

Хабарламаларға жазылу