Жамбыл Жабаевтың жыр жинағы мажар тілінде жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың жыр жинағы мажар тілінде жарық көрді

07.04.2021

Елордада тағылымы мол 3 кітаптың таныстырылымы өтті. Алғашқысы - жыр алыбы Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағы.

Туындыға өлеңдер мен зерттеу мақалалар еніп отыр. Жинақты Хинаят Бабақұмар, Такач Ибойа сынды ғалымдар құрастырған. Екінші еңбек - ғұн әміршісі Аттила туралы кітап. Онда тың деректер мен ғұн заманынан орта ғасырдағы түркі дәуіріне дейінгі дәстүр сабақтастығы сараланады. Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген туындының авторы Мажарстанның Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Борбала Обрушански. Тағы бір құнды туынды - әйгілі мажар саяхатшысы Армин Вамбери туралы. Басылым - академия мен Түркі кеңесінің Будапештегі өкілдігінің бірлескен жобасы. Шараға Қазақстан және Мажарстан Сыртқы істер министрлері қатысты.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу