Онлайн несие рәсімдеу қиындай түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Онлайн несие рәсімдеу қиындай түседі

05.04.2021

Енді онлайн несие рәсімдеу қиындай түспек. Қарыз алғысы келген адам шағын қаржы ұйымының сайтында тіркеліп қана қоймай, өзінің жеке басын куәландыруы керек. Ол үшін электронды цифрлы қолтаңба қажет немесе биометриалық сәйкестендеру жүргізіледі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша бұл түрлі алаяқтықтың алдын алу үшін жасалмақ. Былтыр өзгенің атынан несие рәсімдеген жүздеген жағдай тіркелген. Өйткені бұған дейін тек жеке куәлік болса жеткілікті еді. Енді жаңа ереже қаржылық алаяқтықтарға тұсау болады дейді агенттік өкілдері. Өзгерістер жақын арада тиісті заңдарға енгізілуі тиіс.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу