Несие рәсімдеу жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несие рәсімдеу жеңілдетілді

24.07.2014
Несие рәсімдеу жеңілдетілді

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» несие беру тетіктерін жеңілдетті. Бұрын үш аптаға созылатын құжат рәсімдеу уақыты енді бір аптаға дейін қысқарды. Әрбір клиентке бір-бір менеджер бөлінеді.

Депозит ашу, несие алу жұмыстарының бәрін енді бір оператордың алдында отырып бітіруге болады және бұрынғыдай несие алу үшін 3 немесе 5 жыл күтудің қажеті жоқ.

Баспана бағасының 50 пайызын жинаған кез-келген салымшының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» 5-8 пайыздық көрсеткішпен несие алуына болады. Бұл, коммерциялық банктердің пайыздық көрсеткішімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Айта кетейік, банк салымшыларының 70 пайызы әлеуметтік жағдайы орташа жандар.

Ерұлан Жамаубаев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарушы директоры:

Халықты қандай да бір қолынан ұстап әкеліп, тек бізден несие алсаң болды өмірің жақсарады деген әңгіме емес. Олар түсінуі керек, ипотеканың да қандай да бір үстемдіктері бар. Бірақ осы жүйенің ипотекаға қарағанда, әлдеқайда арзан екені анық.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу