Алматы облысында ірі жол апаты болды. Өтеген батыр кентінің кіреберісінде жоғары жылдамдықпен жүйіткіген Lexus көлігі қарсы бағытқа шығып, төрт бірдей көлікті қаққан. Нәтижесінде 3 адам көз жұмып, тағы үшеуі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, демалыс күні Түркістан облысы Ордабасы ауданында болған жол апатынан да 3 адам көз жұмды. Самара-Шымкент тас жолы бойында жүйткіп келе жатқан көліктің алдынан жылқы шығып қалған. Салдарынан көлікте отырған ерлі-зайыптылар мен олардың немересі көз жұмды. Ал, көліктің жүргізушісі Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Ол - қаза болғандардың күйеу баласы. Қазір жылқының иесі іздестіріліп, оқиға бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Оңғар Алпысбайұлы