Әл-Фарабидің Мысырдағы музыкалық аспаптары мен ноталары елге жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әл-Фарабидің Мысырдағы музыкалық аспаптары мен ноталары елге жеткізілді

05.04.2021

Әл-Фарабидің екі бірдей музыкалық аспабы Мысыр елінен туған жері Отырарға жеткізілді. Әл-Канун мен Ребаб деп аталатын аспаптар бүгін Отырар мұражайына салтанатты түрде табысталды. Мысыр жеріне сапарлап барған мәдениет қызметкерлері ғұлама ғалымның 40-қа жуық музыкалық шығармасының нотасын да ала келіпті. Ал көне жәдігерлерді елге жеткізуге Қазақстанның Мысырдағы елшілігі мұрындық болған. 

Шара барысында мәдениет саласының өкілдері балаларға екі аспапты үйрететін үйірмелер ашылатынын атап өтті. Сондай-ақ, музыкалық шығармалары да облыстық ұлттық саз аспаптары оркестрі тарапынан сүйемелденетін болды. Осылайша қос инструмент ұлттық аспаптар қатарына енгізіліп, барша Қазақстан мен түркі елдеріне кеңінен насихатталмақ.  

Асылхан Темірхан, Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары: 
Осы екі аспапты он данадан шеберлерге тапсырыс беріп, шыєарып, балаларға үйрету мәселесі. Балаларымыз үйренгеннен кейін ол тек үйірме болып қалмайды, ансамбль болып құрылады.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу