Байден Киевке пойызбен 10 сағат жүріп барған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байден Киевке пойызбен 10 сағат жүріп барған

21.02.2023

АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға қалай жеткені мәлім болды. Ақ үйдің хабарлауынша, Америка лидері Польша шекарасынан Киевке пойызбен 10 сағат бойы жол жүріп барған. Оның қолында телефон да болмапты.

Байден әріптесі Владимир Зеленскиймен кездесіп, Украинаны қанша қажет болса, сонша қолдауға уәде берді. Сонымен қатар ол Киевке бұрын берілген 50 миллиард доллардың үстіне тағы 500 миллион доллардың қаруын жөнелтетінін жариялады. Бұл пакетке гаубицаға арналған снарядтар, танкке қарсы зымырандар, бақылаушы радарлар кіреді.

Байден мен Зеленскийдің кездесуі барысында әуе дабылы қағылды. Алайда Ресей кеше Украинаға әдеттегідей зымыранмен соққы берген жоқ. Киев тұрғындары болса, АҚШ президентінің тосын сапарына аң-таң.

Владимир, Киев тұрғыны:

Сөзім жоқ. Өйткені ол бізге келді. Бұл көп жайтты аңғартса кереді. Өмір біздікі. Жеңіс біздікі болады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу