АИ-92 бензині 9 теңгеге қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АИ-92 бензині 9 теңгеге қымбаттады

26.05.2015
АИ-92 бензині 9 теңгеге қымбаттады

Бүгіннен бастап, елімізде жанар-жағармай бағасы өзгерді. 

Бұл туралы арнайы брифингте Энергетика министрлігінің департамент директоры Қуандық Құлмұрзин мәлімдеді.

Атап айтсақ, халық көп тұтынатын АИ-92 бензинінің құны 9 теңгеге өсті. АИ-80 және дизель отынының бағасы өзгеріссіз қалды.

Энергетика министрлiгiнiң жанар-жағармай құнын өзгерту туралы бұйрығы жанармай құю бекеттерінің кешкі ауысымы жұмысқа кіріскен сәттен бастап күшіне енді.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу