Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау ресми түрде басталды

26.01.2020

Сейсенбіде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлау ресми түрде басталды. Елордада, «Астана опера»-да өткен салтанатты концертке Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мемлекет Басшысы «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» деген мақаласында ақынның мерейтойын той тойлау үшін емес, ой толғау үшін өткізуді тапсырған еді. Яғни жоспарланған 500-ден астам шара тағылымды болуы тиіс. Басымдық Абайдың шығармаларын кеңірек насихаттауға, шет тілдерге аударып, шекара асыруға, республикалық және халықаралық деңгейдегі музыка, театр фестивальдерін өткізуге беріледі. Беташар концертте де Абай Құнанбайұлының өлеңдері оқылып, әндері шырқалды. Ақын шығармаларын халық артистері Асанәлі Әшімов, Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Айман Мұсақожаева орындады. Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен талантты жастар да қатысты.



Хабарламаларға жазылу