Маңғыстауда пәтердегі дезинфекциядан кейін екі адам көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда пәтердегі дезинфекциядан кейін екі адам көз жұмды

26.11.2018

Пәтердегі дезинфекциядан кейін, бес адам уланып, екеуі көз жұмды. Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғыны баспанасын қандаладан улаймын деп, көршілерінің өліміне себепші болды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, дизенфекция жүргізген мекеменің өкілі қамауға алынды. Уланып қалған 29 жастағы әйел ауруханаға жетпей көз жұмса, 2 жасар бүлдіршін дәрігерлердің қолында жан тапсырды. Қайғылы жағдайдан кейін көпқабатты үйдегі тұрғындардың жартысы қауіпсіз жерге көшірілді. Оқиға орнында санитарлық-эпидемиологиялық сараптау орталығының мамандары зерттеу жүргізіп жатыр. Жұқпалы аурулар орталығына түскен үш науқастың екеуі бүгін кешке үйлеріне жіберілсе, бір  адам дәрігерлердің қарауында. 

Шаяхмедин Берқалиев, облыстық Жұқпалы аурулар орталығының басшысы:

- Басында оларға тағамдық уытты инфекция диагнозы қойылды. Себебі, олар кешкісін тамаққа сок ішкен. Асқазанды тазарту жасалып, науқастардың жағдайы түзелді.

Рашид Қуандықов, Мұнайлы аудандық Полиция істері бөлімінің бастығы:

- ҚР ҚК 104-бабы, абайсызда өлімге әкеп соқтыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптаулар тағайындалды. Дезинфекция жүргізген «Таракан Нет» ЖШС-нің қызметкері 2 тәулікке қамауға алынды. Тергеу амалдары жүруде.

 

Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу