Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды

08.12.2021

Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 7 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Ел премьер-министрінің сөзінше, науқастар саны күрт көбейгендіктен, ауруханаларда орын жетіспей жатыр.

Сондықтан билік ковидке шалдыққандарды үйлерінде және жекеменшік клиникаларда емдеуге қосымша персонал тартатынын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандардың 80 пайызы – Сеул мен оның айналасындағы аудандардың тұрғындарды.

Айта кетсек, пандемия басталғалы бұл елде 400 мыңға жуық адамға «коронавирус» диагнозы қойылды.

Арыстан Рысбек


Оңтүстік Корея коронавирус

Хабарламаларға жазылу