Футболдан ұлттық құрамамыз Украинамен тең түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футболдан ұлттық құрамамыз Украинамен тең түсті

01.04.2021

Футболдан ұлттық құрамамыз Әлем чемпионатына іріктеу аясында екінші ойынын өткізіп, азулы қарсыласымыз Украинамен тең айнады. Кездесу Киевтегі Олимпиский стадионында өтті. Сондықтан алаң иелері ойынды қарқынды бастап, 20-минутта Роман Яремчук есеп ашты. Ал біздің жігіттер қарымта шабуылдар ұйымдастырып, ұрымтал сәттердің бірінде Серікжан Мужиков алыстан әдемі гол соқты.

Осылайша, кездесу 1:1 есебімен аяқталып, Қазақстан құрамасы іріктеу сатысындағы алғашқы ұпайын алды. Сондай-ақ, ұлттық құрамамыз Украинадан да бірінші рет ұпай алып отыр. Жалпы осыған дейін түрлі деңгейдегі турнилерде Украина құрамасымен 4 рет кездесіп, ұтылып қалған болатын.

Амангелді Сейітхан


Хабарламаларға жазылу