Атыраулықтар жағымсыз иіске тұншығып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраулықтар жағымсыз иіске тұншығып отыр

01.04.2021

Атырау халқы нәжістің иісіне тұншықты. Қолқаны қабатын өткір жағымсыз иіс қалаға тарала бастағанда эко белсенділер арнайы құрылғымен дереу тексеріс жүргізді. Нәтижесінде ауадағы күкіртсутегі қалыпты нормадан 33 есеге дейін артқаны белгілі болды. Иістің шаһар шетіндегі 600 гектар аумақты алып жатқан нәжіс суын төгетін алаңнан шығып жатқаны анықталды. Экология департаментінің мамандары да ауа құрамын тексерді. Алайда олар күкіртсутектің 12 есеге ғана артқанын айтады.

Әлібек Бекмұхамбетов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы:
Күкіртсутегі 12 есе ПДК-дан жоғары болды. Қазір материалдардың бәрін жинап, СЭС мекемесіне жолдаймыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу