Қызылордадағы 800 көпқабатты үй күрделі жөндеуді қажет етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордадағы 800 көпқабатты үй күрделі жөндеуді қажет етеді

13.08.2014
Қызылордадағы  800 көпқабатты үй күрделі жөндеуді қажет етеді

Қызылордадағы Шұғыла мөлтек ауданының тұрғындары жертөледен шыққан жағымсыз иіске тұншығып күн кешуде.

48 пәтерлік бұл үй 30  жыл бұрын пайдалануға берілген. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген баспананың кәріз жүйелері әбден ескірген.

Шұрық-тесік шатырдан су ағады.  Қырық жамау болған құбырлар қыста жарылып, көпшілік бүрсең қағып отырса, жазда жертөлеге жиналған су сасып, төңірекке тарайды.

 

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу