Бүгін «Болашақ» қауымдастығының құрылғанына 20 жыл. 2001 жылғы 30 наурыз күні бір топ стипендия иегері ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерінің қауымдастығын құрған. Оның мақсаты – стипендиаттарды жұмылдырып, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жастардың белсенділігін арттыру. Қазір қауымдастық мүшелігінде 1949 түлек бар. Осыдан 28 жыл бұрын пайда болған «Болашақ» бағдарламасы өзінің өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен білім алған 11 мың маман елдің әр саласының дамуына хал қадірлерінше тер төгіп жүр. Ал бүгінгі таңда 19 мемлекетте 658 отандастарымыз білім алуда.
Айнұр Қарбозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті:
Сол кезде Елбасы адами капиталдың дамуына мән беріп, «Болашақ» бағдарламасының іске асуына байланысты тарихи шешім қабылдады. «Болашақ» стипендиясының әр 10 жылдықтағы қадамын саралайтын болсақ, мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес өзгеріп бейімделіп отырған.
Ғабит Бөкенбай