«Сударушки» ансамблі мәдени байланысты нығайтпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сударушки» ансамблі мәдени байланысты нығайтпақ

29.07.2014
«Сударушки» ансамблі мәдени байланысты нығайтпақ

Ақтөбе облысы - Әйтеке би ауданы Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас. Екі ел арасында алыс-беріс, достық қатынас нық. Экономикалық интеграция ғана емес, мәдени байланыс та жолға қойылған. Әйтеке би ауданындағы «Сударушки» ансамблі көрші елдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып отырады.

Құрылғанына 20 жыл болған топ құрамында 10 адам. Ансамбль мерейтойға орай сахналық киімдерін жаңалап, ән қорын толықтырған. Жуырда халықтық атағын алмақшы.

Ал,  «Сударушки» ансамблі күзге қарай, елді мекендерді аралап, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйламақ. Одан соң, Орынбор облысындағы қазақ қауымдастығына баруды жоспарлап отыр. Қазір, ансамбль мүшелері қызу дайындық үстінде.

Людмила Демиденко, «Сударушки» ансамблінің жетекшісі:

Орынбор облысының Светлый қаласы бізге жақын. Бірнеше жыл бұрын олар достық фестивалін ұйымдастырып, біз өнерімізді көрсеттік. Қазақ қауымдастығының өкілдері қазақ тіліндегі лирикалық әндерімізді жақсы қабылдады. Содан бері, бір-бірімізбен байланысып отырамыз. Жуырда шақырту алып, тағы да концерт өткізбекпіз.

Әлия ТАЛАСОВА

Хабарламаларға жазылу