Балқаш көлінің Алматы облысына қарасты аумағында үш азамат көл ортасында қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш көлінің Алматы облысына қарасты аумағында үш азамат көл ортасында қалған

30.03.2021

Балқаш көлінің Алматы облысына қарасты аумағында УАЗ автокөлігін мінген үш азамат көл ортасында қалып қойған. Оқиға алдыңғы күні болған. Күннің күрт жылынуына байланысты мұз сөгіліп, Мұқан Төлебаев ауылы тұрғындарының шарасыз жағдайда қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желіге тарап кетті. Абырой болғанда, адамдар өз күшімен жағаға шыққан. Көліктері де, өздері де аман.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу