Ұзынағаш ауылында бірнеше үйді су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұзынағаш ауылында бірнеше үйді су басты

21.02.2023

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында облыстық құтқару қызметі мен әскерилер жұмыс істеп жатыр. Әкімдік өкілдері бұл елдімекендегі бірнеше үйді су басқанын растап отыр. Айтуларынша, бұған дейін тұрғындарға төтенше жағдай туралы ескертілген.

Қазір округ бойынша 10 шақты ірі техника арықты тазалауға кіріскен.

Еске салайын, кеше 30 мыңдай халқы бар Ұзынағашта жаңбыр мен еріген қар суы ауыл ішіне кіріп, ондаған көшеге жайылған. 50 үйдің ауласын басқан. 10-ға жуық баспанаға кірген еді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу