Әлемнің 141 елінде вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 141 елінде вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр

29.03.2021

Грекияда карантин сәуірдің 5-не, ал Чехияда 11-не дейін ұзартылды. Себебі екі елдің кейбір аймақтарында пандемия біршама күшейіп отыр. Чехия денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ковид диагнозымен госпитальге түскендер 3 мыңға дейін азайғанда жеңілдетілетінін мәлімдеді. Айта кетсек, мұнда жақында коронавирустың жаңа штаммы анықтады. Алайда ол Британия мен Оңтүстік Африкада табылған варианттардан қауіпті емес. 

«Рейтер» агенттігінің дерегінше, әлемде коронавирусқа шалдыққандар 127 миллион 600 мыңнан асып, 2 миллион 900 мыңы қайтыс болған. Және де осы инфекцияны жұқтыру оқиғалары әлемнің 88 елінде көбейіп келе жатса, 141 мемлекетте жарты миллиардтай адамға вакцина салынған. 

Мексика болса, коронавирус құрбандарының санын қайта қарап,олардың 321 мыңнан асқанын хабарлады. Осылайша, бұл мемлекет Covid-19-дан адам жоғалтудан Бразилияны артқа тастап, АҚШ-тан кейінгі екінші орынған шықты.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу