Әлемнің 67 елдінде вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемнің 67 елдінде вакциналау науқаны жүргізіліп жатыр

05.02.2021

Дүние жүзінің 41 елінде індет өршіп тұр. Мұны «Рейтер» жүргізген зерттеу айқындап берді. Агенттіктің дерегінше, COVID-19 диагнозы қойылғандар саны әлемде 105 миллионға жақындап, 2 миллион 300 мыңға жуығы кеселден қайтыс болған.

Ал, вакциналау науқаны қазір дүниежүзінің 67 елінде жүргізіліп жатыр. Коронавирусқа қарсы екпе салудан Израиль бірінші орында тұр. Бүгінге дейін бұл препаратты оның тұрғындарының 28 пайызы қабылдап үлгерді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу