Нұр-Сұлтанда сөндірілмеген темекіден тұрғын үй кешені өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтанда сөндірілмеген темекіден тұрғын үй кешені өртенді

29.03.2021
Нұр-Сұлтанда сөндірілмеген темекіден тұрғын үй кешені өртенді

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешені өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. 

«28 наурыз 23:33-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметіне «Алатау» тұрғын үй кешенінің 5-қабатындағы пәтерден өрт шыққаны жайлы хабар келді. Оқиға орнына 6 техника мен жеке құрамнан 29 адамнан тұратын топ жедел түрде барды. Өрт сөндірушілер пәтердің толығымен жалынға оранғанын анықтады. Өрт 00:15-те сөндірілді. 40 шаршы метр аумақта жиһаздар мен тұрмыстық заттар жанған. Тілсіз жаудың тұтануының алдын ала себебі - төмен калориялы от көзі, сөндірілмеген темекі. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ», - делінген хабарламада.



Хабарламаларға жазылу