Оралда қала көшелерін су алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда қала көшелерін су алды

25.03.2021

Күн күрт жылып, Орал көшелері суға толып кетті. Қарғын су көшелер мен алаңдарды, сондай ақ тұрғын үйлердің аулаларын басуда.Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруы қиындады. Жылымық басталғалы шаћар аумағынан 10 мың 500 текше метр су сорылған. Бұл жұмысқа 300-ден аса жұмысшы мен ондаған техника жұмылдырылды. Коммуналдық мекеменің күші жетпегендіктен қосымша техника тартылуда.

Ринат Нұрғалиев, «Жайық таза қала» ЖШС директоры:
Батыссуарнасы, Жайықжылуқуат қазір қосымша техника беріп жатыр. Жеке мекемелермен келісім жасап, олардың да техникасын алып жатырмыз.


Хабарламаларға жазылу