Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда екпе салынуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтарға сауда үйлері мен базарларда екпе салынуы мүмкін

25.03.2021

Алматыдағы сауда үйлері мен базарларда тұрғындарға екпе салынуы мүмкін. Мұндай бастаманы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы қарастырып жатыр. Қазір мегаполисте 35 екпе кабинеті жұмыс істеп тұр. Қосымша 15-ін ашу жоспарланған. Вакцинациялау үшін Алматыға ақпан айында 1750 доза, ал наурыз айында 10 800 доза жеткізілген. Тұрғындарға екпе салу үшін алдағы мамыр айында - 65 мың, маусымда - 67 мың доза екпе әкелу жоспарланған. 

Сондай-ақ Алматыда коронавирус жұқтырушылардың күрт көбеюіне байланысты ауруханалардағы төсек-орын саны тағы 5 мыңға ұлғайтылды. Қазір барлығын қоса алғанда науқастар үшін 7 мың төсек-орын қарастырылған. Ауруханаларда 3100 науқас ем алып жатыр. Мегаолистегі эпидахуалдың нашарлауына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын ұстану қажеттігі ескертілді. Әсіресе, шаһар билігі созылмалы аурулардан зардап шегетін және 65 жастан асқан тәуекел тобындағы адамдарға көпшілік орындарға бармауға шақырды. 

Айта кетейік, қазір қалада Бас санитардың қаулысымен наурыздың 28-іне дейін күшейтілген карантин енгізілген.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу