«Таңшолпан». Депутат Геннадий Шиповскиx: Латын қарпіне көшу ісін бәріміз жұмыла атқаруымыз керек

02.11.2017

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Геннадий Шиповскиx латын қарпіне қатысты «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Бүгінгі күні латын қарпіне көшу – ауқымды мәселе. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастарға арналған бағыттар көп. Мысалы, патриотизм, елге сүйіспеншілік, прагматизмды дамыту, рухани баю, білім мен ғылым. Ал, оның ішіндегі үлкен мәселе – латын қарпі.

Бұл мәселе Тәуелсіздік алғаннан бері болжамда болған дүние. Алайда, бәрін бірден іске асыруға мүмкіндік болған жоқ.  Уақыт бүгін жетті. 

Жалпы айтсақ, латын қарпіне көшу мәселесі Парламент отырысында, халық арасында, қоғамда әбден талқыланды.  Процесс әлі де жүріп жатыр. Жақында Елбасы соңғы, қолайлы нұсқасына қол қойды.

Көшу уақыты 2025 жылға дейін берілген. Алдымен мектеп, жоғарғы оқу орындары ауысады. Алаңдайтын дүние жоқ. Бұл істі бәріміз жұмыла атқаруымыз керек», - дейді депутат.

Хабарламаларға жазылу