Ұлттық спорт түрлері мектеп бағдарламасына енеді

24.12.2020

Ұлттық спорт түрлері мектеп бағдарламасына енгізілетін болды. Сенат отырысында депутаттар тиісті заң жобасына енгізілген түзетулерді қабылдады. Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, қолға алынған шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асады. Ең алдымен асық ату, тоғұзқұмалақ және қазақ күресін енгізу жоспарланған. Баланың денсаулығына зиян келтірмеу үшін көкпар, аударыспақ, жамбы атудың тек жаттығулары енгізіледі. Қазақ күресінің қанатқақты жобасы алдымен елордада қолға алынады. Сонымен қатар, заңда мүмкіндігі шектелі жандар үшін спортпен шұғылдануға жағдай жасау нормалары да қарастырылған.

Мәулен Әшімбаев ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қабылданған заң осы бағыттағы жұмыстарды тиімді ұйымдастыруға жол ашады. Атап айтқанда, бұл заң балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін спорт және шығармашылық бағыттағы мемлекеттік тапсырыстарды тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Дарын Сағитов

ұлттық спорт мектеп заң сенат

Хабарламаларға жазылу