Мамин: Өңдеу өнеркәсібінің көлемін 5,8%-ке арттыру жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мамин: Өңдеу өнеркәсібінің көлемін 5,8%-ке арттыру жоспарланған

16.03.2021

Биыл өңдеу өнеркәсібі көлемін 5,8 пайызға арттыруымыз керек. Үкімет басшысы министрлерге осындай тапсырма берді. Еліміз үшін өңдеу өнеркәсібі басым бағыттардың бірі. Президент осы саладағы өнімнің көлемін 2025 жылға қарай бір жарым есеге көбейтуге басымдық беру қажеттігін айтқан еді. Қазіргі көрсеткіш жаман емес. Пандемияға қарамастан түсті және қара металлургия салаларында айтарлықтай жетістік бар. Сондай-ақ биыл машина жасау 29, жеңіл өнеркәсіп 5, тоқыма өндірісі 6 процентке артады деген болжам жасалған. Премьер-министрдің айтуынша биыл екі триллион теңгеге өңдеу өнеркәсібінің жүзден астам жобасы іске аспақ. Бұл 12 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу