Бейжіңде «Ляньюньган қаласы Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясының» қызметін кеңейту мәселелері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бейжіңде «Ляньюньган қаласы Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясының» қызметін кеңейту мәселелері талқыланды

21.08.2015
Бейжіңде «Ляньюньган қаласы Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясының» қызметін кеңейту мәселелері талқыланды

Кездесу барысында тараптар транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегін, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатын және қытай тарапының «Бір белдеу, бір жол» бастамасын жүзеге асыру мәселелерін, сондай-ақ Ляньюньган теңіз айлағының мультимодалдық терминалының әрі қарай дамуын талқылады.

Алматы мен Ляньюньган арасында контейнерлік пойыздар аптасына 5 рет қатынап, жылдық жүк айналымы 100 мың контейнерге жеткені атап өтілді. 2015 жылы контейнерлік тасымалдарды 250 мың контейнерге жеткізу жоспарланған. Ляньюньган айлағы Қытайдың орталық және батыс бөліктерімен байланыстыратын теңізге ең ыңғайлы әрі тез шығатын инфрақұрылымының арқасында, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін назарға ала отырып, айлақтың өткізу қабілетін арттыру және «Ляньюньган қаласы Қазақстан-қытай халықаралық логистикалық компаниясының» қызметін кеңейту жоспарланған.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға, екіжақты инвестициялардың көлемін арттыруға, сондай-ақ, Алматы-Ляньюньган бағыты бойынша және Қазақстан арқылы транзитпен Орталық Азия мен Еуропаның басқа мемлекеттеріне жүретін контейнерлік пойыздардың жүк тасымалын арттыру жөніндегі мақсаттарды іске асыру қажеттілігіне айрықша назар аударылды, деп хабарлайды еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу