Әуе көлігі билеттерінің құны төмендейді- IATA - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әуе көлігі билеттерінің құны төмендейді- IATA

12.12.2014
Әуе көлігі билеттерінің құны төмендейді- IATA

Мұнай бағасының төмендеуі үдерісі аясында әуе көлігі билеттерінің құны да төмендейді. Бұл туралы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) таратқан мәліметтерінде хабарланды.

Оның бағалауы бойынша әуе компаниялары отынға қосымша алымдарды жолаушылар рейстері үшін орташа есеппен 5 пайызға және жүк тасымалына 5,8 пайызға қысқартады.

Бұл өз кезегінде тасымал көлемін арттыруды ынталандырады. Әлемдегі әуе компанияларының 85 пайызын (әлем бойынша 240 әуе компаниялары) біріктіріп отырған осы қауымдастықтың мәліметіне қарағанда, 2014 жылда саладағы жиынтық кірістің болжамы 18 млрд. АҚШ долларынан 20 млрд. долларға дейін артады. Мұнай бағасының құлдырауы салдарынан 2015 жылы оның көрсеткіші 25 млрд. долларға дейін жетеді деп күтілуде.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу