Атырау облысында барымташылар өрісте жүрген малды атып әкетіп жатыр
Атырау облысына қарасты Индер ауданында барымташылар жайылымда жүрген төрт түлікті атып әкетіп жатыр. Бір түнде 4 бас жылқы оққа ұшқан. Екеуін сойып, етін көлікке тиеп кетіпті. Оның ішінде буаз биелер де бар дейді тұрғындар. Екі ай ішінде Индер ауданында 30-ға жуық жылқы қолды болған. Әсіресе барымташылар Батыс Қазақстан облысына жақын жатқан ауылдарды әбігерге салған. Ал, полиция департаментіндегілер малды өріске бақташысыз жіберген болса, шаруалардың өзі заң алдында жауап береді дегенді айтады. Биылдың өзінде барымташылықпен айналысқан 27 күдікті ұсталып, 61 бас жылқы иелеріне қайтарылған.
Айтқали Жалиев Индер ауданының тұрғыны:
Қаңтар айының аяғына дейін екі бас жылқы кетті. Оны да атып әкеткен. Басы мен сирағы қалды. Соны таптық.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Президент кубогі аяқталды
21.09.2026, 13:21
Астанада жыл соңына дейін тағы 70 мың ағаш егеді
21.09.2026, 13:15
Колумбиядағы өрт үдеп барады
21.09.2026, 13:12
Ресейде жанармай тапшылығы күшейді
21.09.2026, 13:09
Үйге 11 метр: Көксайдағы зират мәселесі
21.09.2026, 13:06
Ақтауда заңсыз сауда нүктелерін сүріп жатыр
21.09.2026, 13:03
700 мыңнан аса гектар жерге су үнемдеу технологиясы қолданылады
21.09.2026, 13:00
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12