Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне бақылау функциясы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне бақылау функциясы берілді

16.03.2021

Тұтынушылар құқығын қорғау комитетіне бақылау-қадағалау функциясы берілді. Яғни бизнес өкілі белгілі бір шарттарды орындамаған жағдайда комитет оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы. Мұндай функция бұған дейін ешбір мемлекеттік органда болған емес.

Олжас Сейтбеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің басқарма басшысы:
10 күн ішінде арызға жауап бермесе, тауарды ауыстырып бермесе, уәкілетті орган мен сотқа дейінгі мәселелерді шешетін ұйымдардың байланыс ақпараттарын ілу керек. Сол ақпараттарды ілмеген жағдайда оларға тиісті әкімшілік-жауапкершілік қаралған.

Өткен жылы комитет 30 мыңға жуық азаматтың өтінішін қарап, құқығы бұзылған 10 мыңдай тұтынушыға 250 млн теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Бұл шараларды жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйым өкілдері ерекше атсалысқан. Биыл 15 аймақта 30 қоғамдық бірлестікпен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, енді барлық мемлекеттік органдар өз саласы бойынша тұтынушылар құқығын қорғауға міндетті. Жауапкершіліктен жалтарған жағдайда Үкімет жанынан құрылған арнайы кеңесте сол органға қатысты шешім шығарылады. Айта кетейік, Үкімет жанынан құрылған ведомствоаралық кеңесті Сауда және интеграция министрі басқарады.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу