Елімізде тұтынушылардың 59.9% өз құқығын қорғамайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тұтынушылардың 59.9% өз құқығын қорғамайды

15.03.2022

Пандемиядан соң елімізде интернет сауда қарқынды дами бастады. Сондықтан «Тұтынушылар құқығын қорғау» туралы заңға өзгерістер енгізілмек. Бұл туралы дүниежүзілік тұтынушылардың құқығын қорғау күніне арналған жиында айтылды. Елімізде тұтынушылардың 60%-ға жуығы өз құқығын қорғамайды деген дерек келтірді жиналғандар. Яғни бұл тұрғыда халықтың сауатын арттыру маңызды. Осы мақсатта тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті білім министрлігіне арнайы ұсыныс тастаған.

Серік Құсайынов, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

Тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша пәндер енгізу туралы Білім және ғылым министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныс айттық. Қазіргі таңда қолдау бар. Әріптестеріміз оң көзқараспен қарады. Қазір оқу басталып кетті. Алдағы оқу жылында бұл мәселе қаралады.


Хабарламаларға жазылу