Джо Байден қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байден қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады

12.03.2021

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына АҚШ Президентінен құттықтау жеделхаты келді. Джо Байден Қазақ басшысын және барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бейбітшілік пен құт-береке тіледі. Сондай-ақ, биыл Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетініне ерекше тоқталды. АҚШ Президентінің Әкімшілігі Қазақстанмен етене жұмыс істеуге зор мән береді деді Байден.  

Ләйлә Дулатқызы

Хабарламаларға жазылу