Н.Назарбаев: Наурызда берген бата ақжолтай болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев: Наурызда берген бата ақжолтай болады

21.03.2016
Н.Назарбаев: Наурызда берген бата ақжолтай болады

«Менің бірінші кезекте айтатын аманатым, беретін батам – Отанды сақтап, Тәуелсіздікті құрметтеп, қасық қалғандарың қалғанша бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктерді, құндылықтарды сақтай білу. Екіншіден, Қазақстан халқының, оның ішіндегі көп этностарының бірлігін сақтап, бақытты ғұмыр кешуді тілеймін»,-деді Мемлекет басшысы.

Елбасы сөзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің өздерінің Парламент Мәжілісіне  депутаттарын сайлау үшін дауыс бергендерін атап өтті. «Бұл  - тек біздің елде ғана бар теңдессіз орган. Осы ретте мен Ассамблеяның 20 жылы бізге 20 жыл тұрақтылықты, 20 жыл тыныштықты, 20 жыл достықты қамтамасыз еткендігін атап өткім келеді. Ал, ел жастары осы құндылықтарды сақтай қала білулері керек. Өйткені, осы уақытқа дейін атқарылған шаруалардың барлығы ел болашағы үшін, болашақ ұрпақ үшін жасалды»,-деп атап өткен Елбасы барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Наурыз көктем мезгілінің келіп, табиғат ананың жаңаратын кезі. Сіздерді сол жаңарумен құттықтаймын. Бұл біздің мемлекетіміздің де жаңаруы»,-деді Президент.

Хабарламаларға жазылу