Шығыс Қазақстанда құжатсыз жүрген 200-ге жуық азаматқа көмек көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда құжатсыз жүрген 200-ге жуық азаматқа көмек көрсетілді

12.03.2021

Шығыс Қазақстанда 200-ге жуық құжаты жоқ азамат анықталды. 100-ден астам адам 1974 жылғы үлгідегі қызыл паспортпен, ал 68 тұрғын тек туу туралы куәлікпен жүрген. Құжатсыз азаматтарға көмек көрсету акциясы аясында 154- і жеке куәлік алды. Бұл жұмысты еліміздің Көші-қон қызмет комитеті Қазақстан халықаралық адам құқықтары бюросымен бірлесіп атқаруда. Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ тұрғындар мәселесі бойынша Өскеменде брифинг те өтті. Кезінде Кеңес Одағы тарқағанда Қазақстанға қоныс аударып, бірақ осы күнге дейін құжатын жаңаламағандар әлі де бар. Мамандар арнайы акция мерзімін 1 мамырға дейін ұзартты.

Сабыржан Сейітжанов,  ҚР ІІМ көші-қон қызметі комитеті төрағасының орынбасары:
Біз тиісті сұрау хат жолдаймыз. Сол сұрау хат жолдап, анықтама алу бірталай ақша болып шығады.  Осының бәрін біздің Көші-қон қызметкерлері немесе заңгерлер өзінің қолына алады, көмектеседі.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу