Қаржы министрлігі: Жыл басынан 65 млрд теңге игерілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі: Жыл басынан 65 млрд теңге игерілмеген

14.06.2022

Жыл басынан бюджеттің 65 млрд теңгесі игерілмеген. Оның 7 млрд-ы үнемделген қаржы.

Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Әсіресе Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері көп қаржыны игермеген. Бұған құжаттардың ұзақ рәсімделуі, шоттардың кеш ұсынылуы секілді бірқатар себеп бар. Дегенмен, биыл алғашқы 5 айда отандық экономиканың өсу қарқыны 4,6 пайызға дейін жеделдеген. Жыл басынан экспорт көлемі ұлғайды. Сауда, құрылыс, көлік, тау-кен өндіру өнеркәсіптері, сумен жабдықтау, ауыл шаруашылығы салалары оң өсім көрсетіп отыр.

 Әлихан Смайылов, ҚР Премьер Министрі:
«Бес айдың қорытындысына сәйкес, Ақмола, Алматы, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстрында, сонымен қатар Шымкент қаласы мен елордада барлық негізгі көрсеткіштер бойынша өсім тіркеліп отыр. Жауапты мемлекттік органдар мен әкімдіктер осы жұмыс қарқынын сақтау керек. Ол үшін экономиканы әртараптандыру, инветицияларды тарту және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруды жалғастыру қажет».


Хабарламаларға жазылу