Алтын-валюта резерві 900 млн долларға азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алтын-валюта резерві 900 млн долларға азайды

11.03.2021

Еліміздің алтын-валюта резерві бір айда 900 миллион долларға азайды. Ұлттық банк төрағасының айтуынша оған алтынға сұраныстың азайып, бағасының түсуі себеп. Ақпанда бағалы металдың бір унциясы 100 долларға арзандаған еді. Бұл алтын қорын 900 миллион долларға азайтып жіберген. Қазір алтын-валюта резервінде 35 миллиард доллар бар.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу