Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы ауыл мектебінде жылу қазандығы жарылды

11.03.2021

Ақмола облысының Бұлақсай ауылдық мектебінде жылу қазандығы жарылды. Апат салдарынан мектептің бір қабырғасы құлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер болған жоқ. Өйткені, оқиға түскі уақытта яғни екі ауысымның ортасында болған дейді мамандар. Ал, мектепке жалпы 114 оқушы барады. Олар жылу жүйесі жөнделгенше үйінен оқиды. Қазір жауаптылар апаттың себебін анықтап, қазандықты қалпына келтіріп жатыр. Айта кетейік, мектеп 1972 жылы салынған, 2004 жылы жөндеуден өткен.

Аманкелді Сейтхан


Хабарламаларға жазылу