Зеренді ауданына қарасты ауыл мектебінде жылу жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеренді ауданына қарасты ауыл мектебінде жылу жоқ

04.10.2021

Ақмола облысының Зеренді ауданына қарасты Симферополь ауылындағы мектепте жылу жоқ. Сондықтан 146 оқушы бүгіннен бастап онлайн оқуға ауысты. Ел бойынша жылыту маусымының басталғанына екінші апта. Ал, ауылдағы мектепке мүлдем жылу берілмеген. Себебі ғимаратқа келетін жылу құбыры жаңа спорт залы салынғаннан кейін ғана енді тартылып жатыр.

Базарбек Ысқақов,  мектеп директоры:
Мектепте қазіргі кезде 13-14 градус температура. Сондықтан да бүгін мен балаларды онлайнға оқуға жібердім. 

Мектепке жапсарлата спорт ғимаратын салған мердігер мен жылу тарату компаниясы жұмысты бір-біріне сілтеп уақыт жоғалтқан. Дегенмен, жауапты мекеме өкілдері таңға дейін мектепке жылуды қосамыз деп уәде етті.

Асхат Елдебаев, Зеренді жылу тарату компаниясының директоры:
Екі рет трассамыз кесілді. Өткен жылы да өзіміз жалғадық. Осы жылы қайтадан созылып кетті. Қолымызда облыспен келісім болған жоқ. Сол мәселеге байланысты жұмысты бастай алмай жүрдік. 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу