Баланы еденге лақтырған: Өскемендегі балабақшаның тағы 3 қызметкері жұмыстан шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баланы еденге лақтырған: Өскемендегі балабақшаның тағы 3 қызметкері жұмыстан шығарылды

05.03.2021

Өскемендегі «Арман» балабақшасының тәрбиешісі ғана емес, тағы үш қызметкері жұмыстан шығарылды. Еске сала кетейік, «Еркетай» тобы тәрбиешісінің бүлдіршінді жұлқып, еденге лақтырып жібергені кеше ғана белгілі болды. Дер кезінде тиісті шаралар қабылдамағаны үшін балабақша директоры, медбике мен әдіскер қызметінен кетті. Бейнебақылау жазбаларын тексеру барысында бүлдіршіндерді ұрып-соғу деректерінің бұған дейін де болғаны айғақталды. Осы оқиғадан кейін кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі өңірлік комиссия шұғыл отырыс өткізіп,білім беру мекемелеріндегі бейнебақылауды күшейтуді тапсырды. Ал арнайы құрылған жұмыс тобы балабақшалардағы бейнежазбаларды енді апта сайын тексеріп тұрмақ.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу