Павлодар облысында бюджеттен 65 млн теңге жымқырғандар жауаптан жалтармақ болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында бюджеттен 65 млн теңге жымқырғандар жауаптан жалтармақ болды

05.03.2021

Павлодар облысында лауазым иелері мемлекет қаржысын жымқырған адамға қылмыстық жауапкершіліктен құтылудың жолын үйретіп, тергеушіні жаңылыстырған. Осы ісі үшін Павлодар облыстық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметінен қуылды. Тәртіптік кеңеске келмеген тағы бір лауазым иесі жұмыстан кетуі мүмкін. Олар Мәдениет басқармасына бағынышты «Шаңырақ» мәдени-сауықтыру орталығының директорына қол ұшын бермек болған. Ал күдікті кассирмен ымыраласып, айналасы екі жыл ішінде 65 млн теңгені қалтаға басқан. Телефонда айтылған «ақыл-кеңесті» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жазып алған. Айта кету керек, екі орынбасарда қылмыстық іске куәгер ретінде тартылды. 

Бауыржан Қайрақбаев Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары:
Қылмыс жасаған күдіктіге заң бойынша тек қорғаушысы ғана көмек бере алады. Бұл ретте мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз іс-жағдайға баруы әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Сол себепті, қатаң шара қолданылды.

Болат Аманбаев 

пара жемқорлық

Хабарламаларға жазылу