«Сыбаға» бағдарламасы аясында бюджеттен 233 млн теңге жымқырғандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сыбаға» бағдарламасы аясында бюджеттен 233 млн теңге жымқырғандар ұсталды

10.09.2020

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша жүздеген миллион теңге жымқырылған. Павлодар облысының Экономикалық тергеу департаменті мемлекеттік бағдарламаны жамылып, Ресейден асыл тұқымды мал әкелінді деген жалған құжатпен қазынаның 233 млн теңгесін қолды қылған күдіктілердің ізіне түскен. Олардың қолындағы келісімшартта 2018-2019 жылдары көрші елден 1500-ге жуық мал сатып алынды делінген. Алайда Ресейдің мемлекеттік органдары сыртқа бірде-бір бас мал сатылмағанын айтады. Күдіктілерден Ресейдің жалған мөрлері мен есеп құжаттары, ақша тәркіленді. Олар кінәсын мойындап, шығынның 96 миллионын қайтарды. Тергеу әлі де жүріп жатыр.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу