Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге жергілікті әкімдіктер нақты шараларды қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге жергілікті әкімдіктер нақты шараларды қолға алды

14.03.2019

Көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуге жергілікті әкімдіктер нақты шараларды қолға алды. Мәселен, Павлодар облысында бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 157 млн. теңге, ал, республикалық бюджеттен 374 млн. теңгеден астам ақша бөлінді. Бұл  тек қана жеке бизнесін ашамын деушілерге қайтарымсыз грант ретінде берілетін қаржы. Ол үшін көп балалы отбасынан бір адам мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқу курсынан  өтіп, кәсіпкерлік негіздерін үйренуі керек.

Хелуа Қашкенова, облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Көпбалалы отбасындағы 29 жасқа дейінгі азаматқа 200 айлық есептік көрсеткіш, яғни, 505 мың теңге грант беріледі. Жасы 29 асып кеткен болса, 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алады. Қазіргі уақытта үкімет деңгейінде көпбалалы отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктеріне қармай жеке бизнестерін ашуға 505 мың теңгеден беру үшін қолданыстағы бағдарламаға өзгеріс еңгізу қарастырылып жатыр.

Болат АМАНБАЕВ 

Хабарламаларға жазылу